Ұлттық жоба инфрақұрылымның тозу деңгейін төмендетуге және коммуналдық қызметтерді үздіксіз ұсынуды қаматамасыз етуге бағытталған. Қазіргі таңда жылу, электр энергиясы, сумен жабдықтау және су бұру салаларында қызмет көрсететін 87 монополист кәсіпорындағы энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымның тозу деңгейі 65%-дан 100%-ға дейін жеткен. Осыған байланысты Жобалық кеңсеге инженерлік желілер тозуын 40%-ға дейін төмендету және электр энергиясын өндірудің жаңа көздерін (қосымша 7,3 ГВт) салу міндеті қойылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.