Туринде XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтіп жатыр. Ел намысын биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғысы жарысынан 103 спортшы қорғайды. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ерлер мен әйелдер арасында хоккейден жарысқа қатысады. Универсиаданың үш күнінің қорытындысы бойынша ел қоржынына 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль түсті.