Банк омбудсманы қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заң және Банк омбудсманының құзыретін, оның міндеттері мен мақсаттарын, сондай-ақ оның қызметін қаржыландыруды және басқа да мәселелерді айқындайтын Банк омбудсманы қызметінің ішкі қағидалары болып табылады. Банк омбудсмені Дархан Нұрпейісов ОКҚ баспасөз конференциясында өзінің қызметі, сондай-ақ 2024 жылдың желтоқсанында енгізілген жаңашылдықтар туралы хабардар етті.