Биылдан бастап 28 кәсіпорын үшін шығарындылар, төгінділер, қалдықтарды көму, күкіртті ашық түрде орналастыру бойынша төлемақы мөлшерлемелері екі есеге ұлғаяды. Сонымен қатар қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйелерін орнату жұмыстары аяқталуда. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев мәлімдеді.