Былтыр халықаралық ынтымақтастық аясында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігі қызметкерлері бірқатар ірі іс-шараға, соның ішінде «ШЫҰ Экология жылы» шеңберіндегі іс-шараларға, БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 29-конференциясына, екіжақты кездесулерге, соның ішінде іргелес мемлекеттермен трансшекаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарға қатысты. Нәтижесінде экология және табиғи ресурстар саласындағы 14 халықаралық құжатқа қол қойылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында вице-министр Жомарт Әлиев мәлімдеді.