ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша, өткен жылы мемлекеттік орман қоры аумағында 294 орман өрті тіркелген, 2023 жылы 810 өрт болды. Орман өрттерінің жалпы ауданы 44 990 га құрады, оның ішінде 14 415 га орманда болған, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,5 есеге төмен. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нүркен Шарбиев мәлімдеді.