Қызғылт қоқиқаздар мекендейтін Қорғалжын табиғи қорығына апаратын «Астана – Қорғалжын» жолы жөндеуден өтеді. Бұл жолдың орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Ақмол ауылынан Оразақ ауылына дейінгі 39 шақырымдық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі биыл аяқталмақ, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.