Алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу – Әділет министрлігі тұрақты бақылауда ұстап отырған әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі. Қазіргі таңда өндірісте 283 мың атқарушылық іс бар. Оның ішінде борышкер ер адамдар саны – 272 мың болса, әйелдер саны 11 мыңнан асады. Ондағы 16 352 іс бойынша берешек 16 млрд теңгені құрайды. Көп жағдайда борышкерлердің алименті ай сайын жұмыс берушілердің бухгалтериясы арқылы өндіріледі. Сондықтан борышкерлерді жұмысқа орналастыру белсенді түрде жүргізілуде. Бұл жайында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ брифингінде мәлімдеді.