Әділет министрлігінің «Digital Justice» жобалар портфелі аясында негізгі қызметті цифрландыру бойынша бірқатар шара қабылданды. Олар азаматтардың уақыты мен қаржылық шығындарын үнемдей отырып, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, ZanKomegi мобильдік қосымшасы негізінде азаматтарға құқықтық кеңес берумен қамтамасыз ететін жасанды интеллектісі бар чат-бот әзірленді. Қазіргі уақытта ол сынақтан өткізіліп, қосымша жетілдіруден өтуде. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ОКҚ брифингінде айтты.