Қазақстандық ғылымның белсенді дамуы елдің технологиялық прогресіне ықпал етеді. Әділет министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншігінің мемлекеттік тізілімінде 37 190 өнертабыс және 10 198 пайдалы модель тіркелген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.