2023 жылы Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар қабылданды. Барлық өңірде балалар мен ата-аналарға кәсіби көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ететін Психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Өткен жылы 250 мыңға жуық адам көмек алды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан хабарлады.