Оңтүстік облыстардың шаруаларын суармалы сумен қамту үшін Түркістан облысындағы Шардара қоймасы 4 млрд 698 млн текше метр су жинап, 90% толды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 млн-ға көп. Бүгінгі таңда оңтүстіктегі қоймалар суару маусымында жергілікті шаруалардың сұранысын қанағаттандыру үшін белсенді су жинап жатыр, деп хабарлады ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.