Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң жобасы жаңа редакцияда қаралуда. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, азаматтардың өтініштерін талдау және мониторинг жүргізу, қоғамдық институттардың ұсыныстары және әлеуметтік зерттеу деректерінің нәтижелерін ескере отырып әзірленді. 2024 жылғы 4 қыркүйекте заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қандай өзгерістер болатыны туралы ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Асқар Тынысбеков хабарлады.