Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын алу жұмысын тұрақты жүргізеді. Бүгінгі таңдағы маңызды бағыттардың бірі – жылу беру кезеңінің қауіпсіз өтуі. Қысқы уақытта жылыту жүйелері белсенді қолданылған кезде өрт қаупі артады. Өрттің басты себептері – пештің ақаулығы, электрмен жылу құралдарын, қазандықтарды және басқа да жылыту құралдарын дұрыс пайдаланбау, сондай-ақ электр желі жүктемесінің шамадан тыс болуы. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Төрегелдиев ОКҚ алаңында хабарлады.