Үкімет отырысында ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикадағы креативті индустрияны дамыту жұмыстары туралы баяндады. Ол 2021 жылдан бері Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында ел экономикасында осы сектордың үлесін арттырудың маңызын бірнеше рет атап өткеніне тоқталды. Республикада арнайы жобалық кеңсе жұмыс істейді, саланы дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оны институционалдық тұрғыда қалыптастыру және осы саладағы бизнесті ынталандыру бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.