«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңмен ұсынылатын рәсімдерге деген сұраныс азаймады. 2023 жылы азаматтардың  жіберген банкроттық туралы өтініштер саны 77 мыңнан асты, 2024 жылы – 83 мың, ал 2025 жылдың үш айында – 37 мыңға жуықтады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сеилжан Ахметов мәлімдеді.