Елордадағы Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайымен бірлескен Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған деректі-тарихи көрме ашылды. Іс-шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырып отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.