Ағымдағы жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысы бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі Заңға қол қойды, оның аясында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заңнамаға да түзетулер енгізілді. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин заңнамаға түзетулер енгізілгеннен кейін МЖӘ жобаларын іске асыру рәсімі қалай жүргізілетіні жайлы сөз қозғады.