Елімізде оқиғалық туризмді дамыту үшін Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы негізінде іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі әзірленді. Оған туристерді қызықтыратын түрлі форматтағы іс-шаралар кіреді. 2024 жылы күнтізбеге 137 іс-шара енгізіліп, оның 80%-ы Астана мен Алматыда өтті. Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып, әр облыста өтетін ірі іс-шараларды күнтізбеге енгізу жөніндегі жұмысты одан әрі тұрақты түрде жалғастырмақ. Бұл туралы ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің Туризм саласындағы жүйелі шараларды жүзеге асыру басқармасының басшысы Нұрбол Байжанов ОКҚ алаңында хабарлады.