Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні аясында алғаш рет Ұлттық креатив фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль отандық мәдениет, өнер және білім беру саласы өкілдерінің басын қоспақ. Аталмыш іс-шара 21–26 сәуір аралығында еліміздің алты қаласында – Астана, Алматы, Павлодар, Атырау, Өскемен және Шымкентте өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.