Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – жай дата емес, бұл бейбітшіліктің қадірін, сарбаздар мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен қаһармандығын еске салатын маңызды оқиға. Олардың ерлігі – Отанға адал қызмет етудің, табандылық пен бірліктің айқын үлгісі. Сұрапыл соғыс жылдарында қазақ халқы ерлік пен жанқиярлықтың жарқын үлгісін көрсетіп, Жеңіске қол жеткізуге зор үлес қосты. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершіліктің символы ретінде тарихта мәңгілікке қалды.