2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 66 кәсіпорны 1,7 мыңнан астам жұмыскерге 672 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 2,3 фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.