2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады.