Үкіметте ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өтті. Жиында сондай-ақ зорлық-зомбылықтың, буллингтің алдын алу және балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру шаралары қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.