Бүгіннен бастап жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер беруге болады. Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.