Астана халықаралық форумы (AIF) аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойды. Бұл қадам Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің экономикалық әлеуетін нығайтуда жаңа кезеңін ашпақ, деп хабарлайды Primeminister.kz.