2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша оңтүстік өңірлердегі су қоймаларында 26 млрд текше метр су жиналды. Ал, 2 маусымдағы жағдай бойынша Алматы және Жетісу облыстарындағы ірі су қоймаларына 18,8 млрд текше метр су жиналды. Бұл –жобалық сыйымдылықтың 85%-ы. Суару маусымының алдында Жамбыл облысында Киров су қоймасын қоса алғанда, 1 млрд 245 млн текше метр су немесе 82% су жиналды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз хатшысы – ресми өкілі Алмас Мұсабеков ОКҚ брифингінде хабарлады.