Қазақстанда жыл сайын 23 маусымда Полиция күні атап өтіледі. Полиция қызметкері болу – әр күні жаңа сынақтарға қарсы тұру, адамдарды қорғау, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау деген сөз. Бұл қызмет жоғары кәсібилікті ғана емес, батылдықты, адалдықты әрі рухани күшті талап етеді.