Премьер-министр Олжас Бектенов Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін Астанаға келген Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен кездесу өткізді. Онда фармацевтика саласындағы, атап айтқанда, халық үшін басым бағыттар бойынша отандық дәрі-дәрмек өндірісі үлесін ұлғайту саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz.