Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Дара» Президенттік бастамалар қоры Қазақстанның жетекші медиа ұйымдарының қызметкерлеріне пәтер сертификаттарын табыстады. Медиа саласы қызметкерлеріне баспана беру бастамасы – азаматтарды әлеуметтік қолдауды күшейту және қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған кең ауқымды мемлекеттік саясаттың бір бөлігі, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.