Ел тарихында алғаш рет пренаталдық диагностиканы енгізудің арқасында ұрықтағы туа біткен жүрек кемістігінің (ТЖК) 74%-ы бала туғанға дейін анықталады. Бұл жаңа туған нәрестенің өмірінің алғашқы күндерінде хирургиялық араласуға, оларға одан әрі толыққанды дамуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.