Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымдық дамудың жаңа деңгейіне көшу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет өңірлердегі жылу желілерін реконструкциялауды жалғастыруда. Қостанай облысы Арқалық қаласының жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін Үкімет резервінен шамамен 250 млн теңге бөлінді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.