2025 жылдың басынан бері 260,1 мың азамат, оның ішінде 42,2 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 801,3 мың қазақстандық тіркелген, оның 302,6 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 671 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.