ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын және Алматыдағы Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығын қоса алғанда, ірі нысандар бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.