Оқу-ағарту министрі  Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде шаралар кешенін жүзеге асыру туралы баяндады. Ол биыл жұмысшы мамандықтарын дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Осы бағыттарды таңдаған барлық студенттер колледждерде тегін оқиды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.