Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 451,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 658,4 млрд теңге қарастырылды. 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 497 мың адам, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.