Биыл Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының берік іргетасы – Ата Заңының қабылданғанына 30 жыл. Қазіргі Конституция еліміздің жаңғыруына, азаматтық қоғамның рөлін арттыруға, демократиялық құндылықтар мен әділет қағидаттарын нығайтуға құқықтық негіздер қалайды.