Жыл басынан бері Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады, оның ішінде нақты сектор 8,8%-ға, қызмет көрсету саласы 5,1%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 14,3%-ға өсіп, 11,5 трлн теңгеге жетті. Осылайша, инвестициялардың өсуі қарқынды жүріп жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.