2025 жылдың сегіз айындағы негізгі жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың арқасында Қазақстанда оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратифті қоса алғанда, 21 инфекциялық аурудың жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова мәлімдеді.