ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды бақылау және жою мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) элементтері бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) белсенді қолдана отырып, өз қызметіне заманауи технологияларды кеңінен енгізуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда ТЖМ иелігінде 191 ұшқышсыз ұшу аппараты бар: 1 ұшақ түрінде, 4 гибридті және 186 мультироторлы түрінде. Оның ішінде 132 ҰҰА жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған, бұл ашық жерлерді фотоға түсіруді, бейнелерді өңдеуді және жоғалған адамдарды жоғары дәлдікпен іздеуді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.