25 қазан – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Дәл осы күні 1990 жылы Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданды. Құжатта алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық бағытын өз бетінше анықтау, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекітілді.