Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі шешімдер белсенді түрде енгізілуде. Бұл құралдар шаруаларға өндіріс тиімділігін арттыруға, ресурстарды оңтайлы пайдалануға және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.