2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 394 кәсіпорны 9,8 мыңнан астам жұмыскерге 2,3 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 6,5 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.