Алматы облысында көкөністер пен жемістерді терең өңдейтін заманауи зауыттың құрылысы басталды. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 70 мың тонна деп межеленіп отыр. Жоба жоғары қосылған құны бар өндірістерді дамытуға, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.