Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту жөнінде кешенді жоспар әзірлеу жұмыстары басталды. Ғалымдар, салалық қауымдастықтар, бизнес, жергілікті атқарушы органдар мен Парламент депутаттары кіретін жеке жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин хабарлады.