2025 жылдың басынан бері 553,7 мың азамат, оның ішінде 53,5 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алды. Платформада барлығы 1 млн-нан астам қазақстандық тіркелген, оның 710,3 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 960 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.