Қазақстанда авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласы цифрландырылады. Авторлық қоғамдардың жұмысының ашықтығын, сондай-ақ жиналған сыйақыны әділ бөлу мен төлеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа құру жоспарланып отыр. Сол арқылы авторлық авторлық сыйақының жолы – туындыны пайдаланудан бастап авторға төлем жасалғанға дейінгі бүкіл процесс – толықтай бақыланады және түсінікті болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова хабарлады.