Қазақстанда авторлық құқықты бұзғаны үшін азаматтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 198-бабына сәйкес, 80-нен 160 АЕК-ке дейін айыппұл салу, 80-нен 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова хабарлады.