2025 жылдың қараша айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында 101,1 мың вакансия жарияланды, олардың 73%-ы біліктілікті талап ететін лауазымдар болды. Алдыңғы аймен салыстырғанда жалпы вакансиялар саны 23%-ға, оның ішінде білікті мамандарға арналған вакансиялар 26%-ға азайды. Өз кезегінде үміткерлер 101,3 мың түйіндеме орналастырды, бұл қазан айымен салыстырғанда 11%-ға төмен, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.