Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді. Бүгін Астанада өткен кездесу қазан айында Сеулде «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуы аясында өткен келіссөздердің жалғасы болды. Іс-шарада қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын елдің стратегиялық маңызды жобаларының бірі ретінде таныстырды, деп хабарлайды Primeminister.kz.